
«Энтони Джошуа Усикпен жұдырықтасқысы келмесе неге шайқастан бас тарта тұрмады? Неге ол менімен жекпе-жекке шыққысы келмеді. Энтони ылғи да үлкен сомадағы қаржыны талап етеді. Нәтижесін өздеріңіз көрдіңіздер. Маған салса, Усик және Джошуамен бір күнде жұдырықтасар едім. Мен ешкімнен қашпаймын. Қашсам, Деонтей Уайлдермен үш жекпе-жек өткізбес едім», деп түйіндеді ол өз сөзін.