Жекпе-жек • 13 Ақпан, 2022

Дана Уайт Адесанья-Уиттакер жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

UFC президенті Дана Уайт бүгін өткен Исраэль Адесанья мен Роберт Уиттакер арасындағы екінші жекпе-жекке қатысты пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz www.championat.com-ға сілтеме жасап. 

Дана Уайт Адесанья-Уиттакер жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді

«Менің есебімде 3:2 есебімен Исраэль Адесанья жеңіске жетті. Өз басым Роберт мүмкіндігінше көп соққы жұмсап, қарсыласын жерге алып ұрып, өзінің балуандық қырын көрсетеді деп ойлаған едім. Рас бұл жолы ол көп қысым көрсетті. Алайда көбінесе күреске назар аударды. Бірінші кездесуге қарағанда қорытынды шығарғаны байқалып тұрды. Уиттакер тамаша жекпе-жек өткізді. Нағыз бабына келе бастағанын аңғартты», деді ол өз ойын түйіндеп.  

Естеріңізге сала кетейік, UFC 271 турнирі асында екі спортшы қарымда кездесу өткізген болатын. Бұл жолы да Исраэль Адесаньяның мерейі үстем болды. Әйткенмен октагонда барын салған Роберт Уиттакер жеңіске лайық болды деген мамандар да аз емес.