Қысқы спорт • 13 Ақпан, 2022

Вишневская доданы 52 орынмен аяқтады

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындарында биатлоннан әйелдер арасындағы із кесу жарысы өтті. Қазақстан атынан сынға түскен Галина Вишневская-Шепоренко дода қорытындысында көңіл көншітерліктей нәтиже көрсете алмады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Вишневская доданы 52 орынмен аяқтады

Он шақырымдық із кесу жарысын Қазақстан спортшысы бар болғаны 52 орынмен аяқтады. Ал өзгелерден оқ бойы озық болған норвегиялық Марте Олсбю-Ройселанн Олимпиада чемпионы атанса, швециялық Эльвира Эберг күміс жүлдені мойнына тақты. Үздік үштікті тағы бір норвегиялық спортшы Тириль Экхофф иеленді.