Елді 2007 жылдан бері басқарып келе жатқан президент Гурбангулы Бердімұхамедов қызметтен кетуге ниетті екенін ашық айтты. Сарапшылар алдағы сайлауда жеңіске жету мүмкіндігі қазіргі билеушінің қолында деп есептейді. «Қабылданған тиісті қаулыға сәйкес 2022 жылғы 12 наурызда Түрікменстан президентінің мерзімінен бұрын сайлауы өтеді», делінген елдің Орталық сайлау комиссиясы таратқан хабарламада.
Түрікменстан президенті елде толық билікке ие әрі конституцияға сәйкес, президенттікке түсу мерзімі шектелмеген. Дегенмен өткен жұмада Гурбангулы Бердімұхамедовтің төрағалығымен өткен парламенттің жоғарғы палатасының отырысынан кейін президент «қиын шешім қабылдағанын» мәлімдеді. «Мен еліміздің қазіргі даму кезеңінде мемлекетті басқаруды рухани ортада және жаңа заман талаптарына сай тәрбиеленген жас басшыларға беру керек деген ойды қолдаймын. Халық мәслихатының төрағасы ретінде өзімнің мол өмірлік және саяси тәжірибемді осы салаға бағыттауға ниеттімін», деді президент Гурбангулы Бердімұхамедов.