Бұған қол жеткізу барысында Балалардың жанжалдарға қатысуына байланысты Баланың құқықтары туралы конвенцияның факультативтік хаттамасы көп көмектескен. Дегенмен әлі күнге дейін кәмелеттік жасқа толмағандар мен жас балалар әскерге алынып, барлаушы және сексуалды құл ретінде пайдаланылып келеді. «172 мемлекет ратификациялаған факультативтік хаттама арқылы соғысқа балаларды тартпауға уағдаластық. Аталған елдер 18 жасқа толмағандарды әскери әрекеттерге қатыстырмауға уәде берген», делінген БҰҰ Бас хатшысының Балалар және қарулы қақтығыс жөніндегі арнайы өкілі мен Адам құқықтары жөніндегі комитет мүшелерінің баяндамасында. Алайда балалар әлі күнге дейін соғысқа қатысып келеді. 2005 жылдан бастап балалар құқықтарының бұзылу фактілерінің үштен бірінде олардың әскерге әкетілуі мен жыныстық құлдыққа, жансыз және үй қызметшісі ретінде пайдаланылған. 2005 жылдан бастап соғыс әрекеттеріне 93 мың бала қатысқан.
Кейінгі 20 жылда әскер және үкіметтік емес қарулы күштерден 170 мыңнан астам бала босатылды.
Бурабайдағы Мультимедиалық интерактивті кешенге келушілер көп
Аймақтар • Бүгін, 01:26
Аяз, көктайғақ: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 00:16
2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді
Спорт • Кеше
Алматы облысының меншігіне 86 мың га жер қайтарылды
Аймақтар • Кеше