Аймақтар • 14 Ақпан, 2022

Комиссия құрмаса жұмыс табылмай ма?

316 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Халқының саны тығыз Жаңаөзен қаласында жұмыссыздық – басты мәселе. Тығырықтан шығу жолы қандай? Қайткенде тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге болады?

Комиссия құрмаса жұмыс табылмай ма?

Осы орайда Маңғыстау облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес 8 ақ­пан­нан бастап Маңғыстау облысы әкі­мінің бірінші орынбасары Абзал Мең­ді­баевтың төрағалығымен Жаңаөзен қа­ласында халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі облыстық комиссия жұмысын бастады. Облыстық комиссияның басты міндеті – жұмыспен қамту алгоритмінің ашықтығы мен әділ­ді­гін қамтамасыз ету және жұмыссыз аза­­маттарға жұмысқа орналасуға мүм­кін­­дік беруді жалғастыру.

Комиссия құрамына мемлекеттік органдар, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ өкілдері кірді. Арнайы құрылған облыстық комиссия бастамашыл топ өкілдерімен кездесіп, халықты жұмыспен қамту мәселелерін тал­қылады. Екі тарап та өзекті мәселе­лер­ді жан-жақты қарастырып, келіп түскен ұсыныстарды зерттеді.

Маңғыстау облысының әкімі баспа­сөз қызметінің хабарлауынша, облыстық комиссия жұмыссыз азаматтарды 3 ба­ғыт бойынша жұмысқа орналастыру туралы шешім қабылдады.

Қазір қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы «Өзенмұнайгаз» АҚ-да 100, сервистік қызмет көрсететін серіктестіктерде 61 жаңа жұмыс орны құрылып, халықтың осал топтарына жата­тын азаматтарды жұмысқа орна­лас­тыру жоспарланып отыр. Бұл бағыт­та арнайы комиссияның шешіміне сәй­кес 2022 жылдың ақпан айындағы жағ­дай бойынша қолданыстағы алгоритм негізінде 5 санат бойынша кезекте тұрған 100 адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Жыл соңына дейін 400-ден астам адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр. Осы алгоритм бойынша тиісті шаралар алдағы уақытта да жал­ға­сады.

Жаңадан құрылатын 61 жұмыс орнына үміткерлер жұмыссыз азаматтар қатарынан іріктеліп, «Өзенмұнайгаз» АҚ сервистік қызмет көрсету мекемелері – «КЕЗБИ», «ӨзенПромГеофизика», «БатысГеофизСервис», «Альянс­ОйлСервис», «КазПромТехКомпани», «Семсер-Өрт сөндіруші», KUNAN-HOLDING ЖШС-на жұмысқа қабыл­да­нады.

Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту орталығында 5 санат бойынша және орта мерзімді кезең бойынша кезекте тұрған азаматтарды еңбекпен қамту жұмыстары жыл бойы жалғасады. Сондай-ақ Жа­ңа­өзен қаласындағы шағын және орта бизнес өкілдерін жұмысқа тарту арқылы «Өзенмұнайгаз» АҚ-да ұзақ мерзімді талап етілетін жоспар бойынша түрлі қызметтер көрсететін жеке кәсіпкерлерді тарту арқылы жаңа жұмыс орындарын құру көзделуде. Осы мақсатта «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен шағын және орта бизнес өкілдері арасында ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу бойынша жұмыс жүргізу туралы шешім қабылданды.

«Аутстаффинг» мекемелерінде жұ­мыс­қа қабылдаудың орталық­тан­ды­рыл­ған жүйесі аясында соңғы 2 жылда 1 700 азамат жұмысқа орналасты. Бұл өз кезегінде аталған алгоритмнің тиім­ді­лі­гін көрсетті, деп түсіндірді Маң­ғыс­тау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Егер жұмыс табылатын болса елді шулатпай, комиссия құрмай-ақ жұмыс іздегендерді қабылдай беруге бұған дейін қандай кедергі болған?

 

Маңғыстау облысы