Аймақтар • 14 Ақпан, 2022

Елорда маңында жол апаты орын алды

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда маңында болған жол апатының салдарынан ер адам мен екі әйе қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорда маңында жол апаты орын алды

Ақмола облысының полиция департаменті жол апаты 13-ақпанда Нұр-Сұлтан - Қабанбай батыр - Киевка автожолының 19-шақырымында болғанын хабарлады.

Алдын ала анықталғандай, елорданың 37 жастағы тұрғыны JAC маркалы автокөлігімен Қосшы қаласынан шығып, Абай көшесімен Нұр-Сұлтанға қарай бет алған. Елордадан Қабанбай батыр ауылына қарай Lada Priora тізгінінде басқаруды игере алмаған Нұр-Сұлтанның басқа тұрғыны қарсы жолаққа шығып, JAC-пен соқтығысты.

«Жол апаты салдарынан LADA Priora автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. 37 жастағы JAC жүргізушісі елорданың медициналық мекемесіне жеткізілді», деп нақтылады Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.