Оқиға • 14 Ақпан, 2022

Интернет алаяқтық көбейіп барады

91 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес орталығы басшысының міндетін атқарушы Рүстем Дүйсетаев мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.

Интернет алаяқтық көбейіп барады

Оның дерегінше, 2020 жылы елімізде 14 мың интернет алаяқтық жасалса, 2021 жылы оның саны 21 мыңға жеткен.

ІІМ өкілі интернет арқылы жасалатын алаяқтықтың басым бөлігі қарызға ақша беру арқылы жасалатынын айтты. Нақты түрлерін атасақ, төменгі пайызбен несие беру, қызмет көрсету, жылжымайтын мүлікті сату тағы сол сияқты алаяқтықтар.

«Биыл қаңтарда интернет арқылы 1177 алаяқтық әрекет істелген. Интернет алаяқтық қылмысының кең таралған түрі - тауар сату. Яғни интернет арқылы тауар сатады, сатып алушы алдын ала ақшасын төлейді, бірақ тауар жоқ. Содан соң микрокредиттік мекемелерден онлайн несие алу. Интернет алаяқтықтың тағы бір кең тараған түрі азаматтардың жеке деректерін біліп алып, банк картасынан ақшасын сыпырып алу. Көбінесе алаяқтар өздерін банк қызметкерімін деп таныстырады да клиенттен жеке мәліметтерді сұрайды, одан әрі жағдай белгілі», деді Рүстем Дүйсетаев.

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025