Экономика • 14 Ақпан, 2022

Қазақстан-Қытай шекарасындағы тексерістер: 8 қылмыстық іс қозғалды

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов Қасым-Жомарт Тоқаевқа берген есебінде айтты, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы тексерістер: 8 қылмыстық іс қозғалды

Президент тапсырмаларының орындалуына қатысты атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндаған ол Қазақ-Қытай шекарасындағы тексеріс нәтижесін жеткізді.

«Қазақстан-қытай шекарасында тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Үш аптаның ішінде тауарды заңсыз әкелу фактілері бойынша 8 қылмыстық және 24 әкімшілік іс қозғалды.

Нәтижесінде, тауар импорты көлемінің азаюына қарамастан, биылғы қаңтар айында бюджетке түскен кедендік төлемдер мен салықтардың мөлшері 20 пайызға (26,6-дан 31,7 млрд теңгеге дейін) өсті», деді Жанат Элиманов.