Жекпе-жек • 14 Ақпан, 2022

Уиттакер Адесаньяны үшінші кездесуде жеңетініне сенімді

602 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Австралиялық аралас жекпе-жек шебері Роберт Уиттакер орта салмақтағы UFC чемпионы Исраэл Адесаньямен октагонда үшінші рет кездесетініне сенімді, деп хабарлайды Egemen.kz championat.com-ға сілтеме жасап.

Уиттакер Адесаньяны үшінші кездесуде жеңетініне сенімді

«Турасын айтсақ, екеуміздің арамызда үшінші жекпе-жек өтетініне бек сенімдімін. Өйткені алдағы уақытта маған қарсы шыққан қарсыластардың барлығын қайтадан жеңетін боламын. Мұны Адесанья жақсы біледі. Сондықтан да ол: «Болашақта әлі жолығамыз» деді. Өз басым оның жақын арада чемпиондық белбеуді уысынан сусытып алмайтындығына сенгім келеді. Себебі ол өте мықты спортшы. Адесаньяны орта салмақта мен ғана жеңе аламын», деді ол.  

Естеріңізге сала кетейік, екі спортшы арасында өткен екінші жекпе-жекте төрешілер жеңіске Адесанья лайықты деп тапқан болатын. Алайда бес раунд бойы шабуылдаған австралиялық спортшыны жеңді деген мамандар да табылды. Олар төрешілердің шешімін түсінбегендерін айтқан еді.