Спорт • 15 Ақпан, 2022

Әлем кубогында қола алды

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әзербайжан астанасы – Бакуде ба­тут­­тағы гимнастикадан кезекті Әлем кубогы кезеңі аяқталды. Дүниежүзі­нің үздік спортшылары қатысқан дода­да жерлестеріміз де жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Әлем кубогында қола алды

Батуттағы гимнастика жарысының би­ылғы маусымдағы алғашқы жарысы Бакудегі Әлем кубогы кезеңімен басталды. Жылдың ал­ғашқы додасында бақ сынаған отандасымыз Данил Мұсабаев қола жүлдеге қол жеткізді. Ха­лық­аралық дәрежедегі спорт шебері, былтырғы Италияда өткен Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлде алған ол финалда 58,890 ұпай еншілеп, үздік үштікті қорытындылады. Бас жүлдені Токио Олимпиадасының жеңім­пазы, екі дүркін әлем чемпионы Иван Лит­вино­вич (Беларусь) иеленсе, күміс жүлдені Лит­виновичтің отандасы Андрей Буйлов жеңіп алды.

Айта кетерлігі, синхронды секіру бойынша Роман Барков пен Игорь Грачев финалда бесінші орынға табан тіреді.