Аймақтар • 15 Ақпан, 2022

Тәуелсіздік тағылымын толғаған

639 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Қазақстан тарихының айтулы оқиғаларын баяндайтын алғашқы комикс-басылым жарыққа шықты. Жинақ қазақстандық жас суретшілердің үздік қолтаңбасымен толыққан. Кітаптың қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқасы еліміздің барлық мектептері мен кітапханаларына тегін таратылмақ.

Тәуелсіздік тағылымын толғаған

Қазақстан тарихын оқыр­мандар үшін үйреншікті емес комикс форматында қайта басып шығарудың бастамашы­сы болған BAURZHAN foundation қайырымдылық қоры. Жа­ңа басылымға былтыр елі­мізде өткен – «Тарихым-бүгінім, ер­те­ңім!» атты суретші-иллюс­тра­торлар байқауы жеңімпаз­да­ры­ның заманауи туындылары енген.

Бес мың данамен жарыққа шыққан тың туынды кітапхана мектептермен қатар, балалар үй­леріне де таратылады. KHAN Comics арт-студиясы ұсы­нған бастамаға Samruk Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қаржылай қолдау көр­сетіпті.

Атап айтқанда, тәуелсіздік тарихын жаңа форматта толғаған туындыға 70 үздік иллюстрация енгізілген. Оқырманға ел өмірінде маңызы ерек мә­дени, спорттық және саяси оқи­ғалар туралы баяндайтын кітап­тың бас­ты кейіпкерлері – ұлт­тық валюта, Қазақстанның Олим­пиада ойындарындағы жетіс­тіктері һәм әлемдік аренада ел мерейін асырған отандық танымал тұлғалар. Олардың ішін­де Геннадий Головкин, Ди­маш Құдайберген секілді жерлес­те­ріміз бар.

– Комикстер маңызды тақы­рыптарды нысанаға алған. Оның дәлелі Қазақстан тарихының жаңа иллюстрацияланған үлгіде оқыр­манға жол тартуы. Бұл жанр­дың жас буын арасында үлкен аудиториясы бар және жыл сайын олардың қатары артып келеді. Жобаның мақсаты тек ағартушылық қызмет қана емес, бірінші кезекте – қазақстандық жас суретші-иллюстраторларды қолдап, олардың шығармашы­лығын көпшілікке таныстыру, – дейді BAURZHAN foundation қорының жобалық үйлестірушiсi Саида Ибрагимова.

 

АЛМАТЫ