Экономика • 15 Ақпан, 2022

«Атамекен» ҰКП қызметіне функционалдық талдау жүргізілді

612 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызметіне функционалдық талдау жүргізілгенін айтты, деп жазады Egemen.kz.

«Атамекен» ҰКП қызметіне функционалдық талдау жүргізілді

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызметін реформалау бойынша палата қызметіне функционалдық талдау жүргізу жоспарлануда. Осы жұмыстың қорытындысы бойынша ұлттық палата қызметі шағын және орта бизнесті қолдауға, қорғауға және дамытуға қайта бағдарланатын болады», деді Әлібек Қуантыров.

Сондай-ақ, министр ол үшін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызметі мәселелері бойынша заңнамаға тиісті түзетулер әзірленгенін жеткізді. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бәсекеге қабілетті шағын және орта бизнесті қалыптастыруда қосымша институционалдық құралға айналатынына сенім білдірді.