Футбол • 15 Ақпан, 2022

Жаңа маусым 2 наурызда басталады

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы жаңа маусымдағы Қазақстан премьер-лигасының күнтізбелік кестесін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа маусым 2 наурызда басталады

Жаңа маусым Қостанайдың «Тобылы» мен Алматының «Қайраты» арасындағы ойынмен басталады. Командалар 2 наурыз күні Қазақстан суперкубогіне таласады. Сондай-ақ бітіспес қарсыластар «Астана» мен Алматының «Қайрат» футбол клубтары қашан кездесетіні белгілі болды. 14 мамыр күні елордалық команда «Қайратты» өз алаңында қабылдаса, командалар екінші рет Алматыда 15 қазан күні кездеседі. Қазақстан премьер-лигасының кезекті маусымы 6 қараша күні аяқталады.