Экономика • 15 Ақпан, 2022

Үкімет бағаны төмендету жөнінде шаралар қабылдайды

3067 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров тауарлар мен қызметтер бағасының өсуіне жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет бағаны төмендету жөнінде шаралар қабылдайды

ҰЭМ басшысының айтуынша, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2022-2024 жылдарға арналған инфляцияны бақылау және төмендету бойынша шаралар кешені әзірленді. Жоспар өнім өндіру көлемін ұлғайтуға, сақтау мен логистикаға, бөлшек саудаға, баға белгілеуді бақылауға, монополияға қарсы және сыртқы сауда реттеуіне бағытталған жедел және орта мерзімді сипаттағы 61 іс-шарадан тұрады.

«Инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешенін іске асырудың мақсаты - инфляцияны 2022 жылы 4-6% дәлізінде ұстап тұру және оны 2025 жылға қарай 3-4% деңгейге дейін төмендету. Аталған іс-шаралар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарын қабылдауды, тұрақтандыру қорларының жүктемесін қамтамасыз етуді, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізушілер үшін жалдау ақысын төмендетуді, азық-түлік, жанар-жағармай, көмір, электр энергиясы, дәрілік препараттар бағасының өсуін тежеуді қамтиды», деп түсіндірді Ұлттық экономика министрі.