Әлем • 15 Ақпан, 2022

Түркіменстан президентінің ұлы сайлауға кандидат ретінде ұсынылды

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркіменстан басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовтың ұлы Сердар 12 наурызда өтетін сайлауда республика президенттігіне кандидат ретінде ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркіменстан президентінің ұлы сайлауға кандидат ретінде ұсынылды

Бұл туралы Salam News агенттігі ақпарат таратты. 

«Бүгін Түркіменстанның қоғамдық ұйымдарының орталығында Түркіменстан демократиялық партиясының кезектен тыс IX съезі өтті. Оның күн тәртібіне сәйкес Түркіменстан президенттігіне Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Сердар Гурбангулыұлы Бердімұхамедовтің кандидатурасы ұсынылды», делінген кеше кешкілік таратылған хабарламада. 

Съезге қатысушылар Сердар Бердімұхамедовтің сөзін тыңдап, оның ел президенттігіне кандидатурасын қолдады.