Кәсіпқой бокс • 15 Ақпан, 2022

Бивол «Канелодан» жауап күтіп отыр

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

WBA (super) тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы, ресейлік боксшы Дмитрий Бивол екінші орта салмақ дәрежесіндегі әлемнің абсолютті чемпионы, мексикалық Сауль Альварестің командасынан екеуара кездесуге қатысты жауап күтіп отырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бивол «Канелодан» жауап күтіп отыр

«Біздің тараптан оларға ұсыныс жасалды. Енді «Канелоның» командасынан жауап күтіп отырған жайымыз бар. Басқа біздің қолымыздан не келеді? Өзім мұндай масштабтағы шайқасқа тас түйін дайынмын. Олардың жоспары өте көп екені мәлім. Қай бағытты таңдау ыңғайлы екенін жан-жақты қарастырып жатқан шығар. Ал мен қандай жауап болатынын бақылап жүрмін. Сауль Альвареспен кездесу өтпесе, басқа нұсқаларды зерделейміз», дейді ресейлік былғары қолғап шебері.