Әлем • 15 Ақпан, 2022

РФ Қорғаныс министрлігі екі әскери округтің бөлімдерін базаға қайтара бастады

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің Батыс және Оңтүстік әскери округтерінің бөлімшелері сейсенбіде оқу-жаттығулардан өз базаларына теміржол және автомобиль көлігімен орала бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

РФ Қорғаныс министрлігі екі әскери округтің бөлімдерін базаға қайтара бастады

Бұл туралы «Интерфакс» РФ Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Игорь Конашенковқа сілтеме жасап хабарлады. 

«Оңтүстік және Батыс әскери округтерінің бөлімшелері тапсырмаларын орындап, теміржол және автомобиль көлігімен бүгіннен бастап әскери гарнизондарына қайтады»,  деді Конашенков. 

Ол ресейлік әскерилер бірқатар аудандарда оқу-жаттығуларын жалғастырып жатқанын түсіндірді. 

«Ресей Федерациясының Қарулы Күштерінде әскерлер мен күштерді жедел дайындау бойынша ауқымды шаралар кешені жалғасуда. Оларға барлық дерлік әскери округтер, флоттар мен әуе-десанттық күштер қатысады», - деп атап өтті РФ Қорғаныс министрлігінің өкілі. 

Атап айтқанда Шығыс әскери округінің әскерлері мен Ресей Әуе-десанттық күштері Беларусь қарулы күштерімен «Одақтастық шешім» оқу-жаттығуын өткізіп жатыр (10-20 ақпан аралығында). 

«Дүниежүзілік мұхиттың операциялық маңызды аудандарында және Ресей аумағына іргелес теңіздердің акваторияларында жер үсті кемелері, сүңгуір қайықтар және теңіз авиациясы қатысатын бірқатар әскери-теңіз жаттығулары өткізілуде  (13-19 ақпанға дейін)», деді Конашенков. 

Осылайша, Ресей Украинаның уақытша оккупацияланған аумақтары мен шекара маңында әскери бөлімдерін жинақтауды жалғастыруда.