Футбол • 15 Ақпан, 2022

Холланд пен Мбаппе Роналду мен Мессиді алмастыра алмайды – Роберт Левандовский

405 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германиялық «Бавария» футбол клубының шабуылшысы, польшалық футболшы Роберт Левандовский футбол әлемінің қазіргі таңдағы жарық жұлдыздары Килиан Мбаппе мен Эрлинг Холландтың болашағына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz championat.com-ға сілтеме жасап.

Холланд пен Мбаппе Роналду мен Мессиді алмастыра алмайды – Роберт Левандовский

«Килиан Мбаппе мен Эрлинг Холландтың талантты футболшылар екендігіне дау жоқ. Екі жігіттің шеберлігі де жоғары. Алайда алдағы жылдарда олардың деңгейінен кем түспейтін көптеген футболшылар жасындай жарқырауы ықтимал. Өз басым бұл екі футболшының Криштиану Роналду мен Лионель Месси секілді 12 жыл бойы әлем футболының көшбасшысы болатындығын елестете алмаймын. Алдағы 10 жылдың бедерінде жаһанның үздігі атағына лайықты көптеген футболшылар шығатындығына сенімдімін. Килиан Мбаппе екі аяғымен де керемет ойнайды. Оның бойында Тьерри Анриге ұқсас қасиеттер өте көп. Килианның футбол тарихына өз атын алтын әріптермен жазатындығына күмәнім жоқ. Эрлинг Холланд та әлем үздіктерінің біріне айнала алады. Кейде ол баяу қимылдайтындай көрінеді. Оның бәрі алдамшы. Шын мәнінде Эрлинг шапшаң қимылдайтын жігіт. Шеберлігі де бір басына жетеді», дейді ол.