Қоғам • 15 Ақпан, 2022

Елшілік Украинадағы қазақстандықтарды консулдық есепке тіркелуді сұрады

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елшілік төтенше жағдай кезінде көмек көрсету үшін Украинадағы қазақстандықтардан консулдық есепке тұруды сұрады, деп жазады Egemen.kz дипломатиялық өкілдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елшілік Украинадағы қазақстандықтарды консулдық есепке тіркелуді сұрады

«Консулдық елшілікке келмей-ақ, Қазақстан Елшілігінің сайтында орналасқан есепке алу парағын толтырып және төлқұжаттың көшірмесімен бірге consul.kiev@mfa.kz электронды поштасына жіберіп, тұруға болады. Елшіліктің байланыс нөмерлері: +38 (044) 483-15-96; +38 (067) 347-04-08 (шұғыл қоңыраулар үшін)», делінген хабарламада.

Азаматтар өзге ақпаратты Қазақстанның Украинадағы елшілігі сайтында, әлеуметтік желілерінде және мессенджерлерінде қадағалай алады.