Қоғам • 15 Ақпан, 2022

Шекарашылар интернационалист жауынгерлерді еске алды

671 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін кеңес әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 33 жыл толуына орай елордада Ауғанстанда интернационалдық борышын орындау кезінде қаза тапқан қазақстандықтарға арналған мемориалда салтанатты іс-шара өтті, деп жазады Egemen.kz.

Шекарашылар интернационалист жауынгерлерді еске алды

Іс-шараға 100-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында Ауған соғысының ардагерлері, қаза тапқан жауынгерлердің туыстары, ҰҚК Шекара қызметінің және ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен әскери қызметшілері, сондай-ақ қала әкімдігінің өкілдері бар.

Сондайа-ақ интернационалист жауынгерлерді еске алу шарасы Алматы облысында да ұйымдастырылды. Онда 28 Панфиловшылар саябағында монументке гүл шоқтары қойылды. Жиналыста Шекара қызметінің құрметті ардагері, генерал-майор Тоқтасын Бұзубаев сөз сөйледі.

1

ШҚ Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары бойынша департаменттерінде де қаза тапқан әскери қызметшілерді еске алу шарасы болып өтті.

1