25 Наурыз, 2014

Қызылордада тіркелмеген діни ағымды уағыздаушы ұсталды

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

0-prokuratura-1

Қызылорда облыстық прокуратурасының қызметкерлері өз ағымдарының идеологиясын насихаттап жүрген тіркелмеген діни бірлестік мүшелерін ұстады. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Ботагөз Сейіл хабарлады. «Облыстық прокуратура Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелмеген діни бірлестік қызметіне басшылық жасағаны үшін Қызылорда қаласының тұрғыны азамат Ю.Р-ге қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 374-1 бабы 1-бөлігімен әкімшілік іс қозғады», - делінген хабарламада. Тіркелмеген діни бірлестіктің ұстанушылары облыс орталығында орналасқан тұрғын үйлердің өз ағымының идеологиясын уағыздаған. Оған  қатысушылар арасындаінде жасы кәмелетке толмаған балалар болған. Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен азамат Ю.Р. тіркелмеген діни бірлестік қызметіне басшылық жасағаны үшін Кодекстің 374-1 бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Діни бірлестіктің қызметіне қатысқан тұлғаларға діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнама талаптары түсіндіріліп, тіркелмеген діни бірлестіктің қызметіне қатысқанның құқықтық салдары ескертілді. Құрыш Нұрымбет. Дереккөз: Қызылорда облыстық прокуратурасы.