Жамбыл облысынан алғашқы 18 тонна топс Италияға жөнелтілді
Қазақстанның өңделген жүн өнімдерін Италияға экспорттау басталды. Жақында Жамбыл облысынан алғашқы 18 тонна топс (жұқа негіздегі қой жүнінің жартылай фабрикаты) Апеннин түбегіне жөнелтілді. Аталған өнімді жеткізуге «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің құрамына кіретін «ҚазАгроӨнім» АҚ италиялық фирмалардың бірімен мәміле жасады. Жақын арада олар шетелдік әріптестеріне 54 тонна топсты жеткізуді жоспарлап отыр. Қазақстандық компания алдағы уақытта 140 тонна өнім жеткізуге қосымша келісімшарт жасамақшы. Жалпы, ағымдағы жылы 500 тонна өңделген жүн экспортқа шығарылмақшы. Қой жүнінен топс шығару 2012 жылы «ҚазАгроӨнім» АҚ пен «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС бірлескен жобасының нәтижесі. Оны өңдеу барысы италиялық мамандардың бақылауымен жүзеге асырылды. Бұл қой жүнінің сапасын жақсартуға және ақырғы өнімді әлемдік стандарттарға сәйкес етуге мүмкіндік берді. Топс өңдеу бойынша жабдық холдинг құрамындағы еншілес компанияның бірі «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қаржылық қолдауымен Еуропадан жеткізілген болатын. «ҚазАгроӨнім» АҚ пен VICOTEX S.r.l. италиялық компаниясы арасындағы қой жүні өнімін жеткізу бойынша мәміленің жалпы сомасы 598 мың АҚШ долларын құрайды. Сонымен бірге, ағымдағы жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі өткізген ұлттық валютаның бағамы өзгеруіне байланысты өнімнің тиімділігі 35 пайызды құрады. Бұл өндіруші тарап үшін қолайлы жағдай тудырды. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан». Жамбыл облысы.Министрлік АҚШ-та жоғалған Қазақстан азаматының қаза тапқанын растады
Оқиға • Бүгін, 13:44
Астаналық тұрғын Қорғаныс министрлігіне қарсы сотта жеңіп шықты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Павлодарда ер адам есірткі қосылған көкнәр тұқымын сатқан
Есірткі • Бүгін, 13:13
«30%-ға артта қалып келесіздер»: Олжас Бектенов ҚТЖ басшылығына ескерту жасады
Үкімет • Бүгін, 13:02
Тобыл өзенінде суға батып кеткен атасы мен немересінің мәйіті табылды
Қоғам • Бүгін, 12:55
Қарағанды облысындағы жаңартылған вокзалдар қашан ашылады?
Логистика • Бүгін, 12:39
Астанада 11-қабаттан құлаған велосипед баланы басып қала жаздады
Оқиға • Бүгін, 12:35
Испанияға қарсы ойнаған Кабо-Верде қақпашысы бір түнде әлемдік жұлдызға айналды
Футбол • Бүгін, 12:29
Айсәуле Қанаханың жұмбақ өлімі: Қылмыстық іс аясында дропперлерден жауап алынды
Қылмыс • Бүгін, 12:13
Елімізде 30 теміржол вокзалы жаңартылды
Логистика • Бүгін, 12:02
Жолаушы Каспий теңізінің үстінде ұшақтың есігін ашпақ болған
Әлем • Бүгін, 11:48
Петропавлда имамның ақшасын ұрлаған бойжеткенге сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 11:45
Түркістанда автокортеж ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 11:37
Тұрғын үй маңына көлік қоюға тыйым салынады деген ақпарат жалған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 11:11
Жүргізушісіз такси: Алматы мен Астанада жаңа көлік қызметі енгізіледі
Технология • Бүгін, 11:07