Теннис • 16 Ақпан, 2022

Рейтингте төмендеп барады

119 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) спортшылардың жекелей және жұптық бәсекедегі рейтингтерін жаңартты. Жерлестеріміз жұптық бәсекеде жаңа рекорд орнатса, жекелей сындағы рейтингте төмен сырғыды.

Рейтингте төмендеп барады

Australian Open-2022 жарысының финалында бақ сынаған қазақстандық Анна Данилина жаңарған рейтингте бір саты жоғарылап, жаңа рекорд орнатты. Енді жұптық сында ол әлемнің 23-ракеткасы саналады. Бұл – қазақстандық спортшылар арасындағы ең үздік көрсеткіш. Ал бұған дейін 50-орында тұрған Елена Рыбакина бір орын төмен сырғыды.

Ал жекелей рейтингке келер болсақ, бұған дейін 12-орында тұрған Е.Рыбакина 4 саты төмен сырғып, 16-орынға түсіп қалды. Себебі Елена соңғы кездері жарақатына байланысты бірқатар жарысқа қатысқан жоқ. Сондай-ақ ол Дубайдағы WTA 500 турниріне де қатысудан бас тартты. Демек, келесі рейтингте ол тағы да төменге сырғуы мүмкін. Юлия Путинцева да бір саты төмендеп, 42-орынға жайғасты. Зарина Диас 117-ден 114-орынға көтерілді.