Спорт • 16 Ақпан, 2022

Алғашқы жеңісін тіркеді

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық Astana Qazaqstan Team велокомандасының өкілі Алексей Луценко Испания тас жолында өткен бір күндік «Классика Хаэн» вело­жары­сының жеңімпазы атанды.

Алғашқы жеңісін тіркеді

Испанияның ЮНЕСКО қамқорлы­ғындағы ең көне екі қаласы – Баэса мен Убеда аралығын жалғаған 188 шақырым қашықтықта Қазақстан чемпионы Алексей Луценко алдына жан салмады. Lotto Soudal командасының бельгиялық өкілі Тим Велленс мәре сызығын екінші болып қиып өтсе, тағы бір бельгиялық велошабандоз Лоик Влиген (Intermarché – WantyGobert Matériaux) үшінші сатыға табан тіреді.

Бір күндік жарыста Луценконың же­ңіске жетуіне Astana Qazaqstan Team ве­локомандасының өкілдері – Нұрберген Нұр­лы­қасым, Дмитрий Груздев, Юрий Натаров, Евгений Федоров (бәрі де – Қазақ­стан), Мигель Анхель Лопес (Колумбия) және Давиде Мартинелли (Италия) көмек­тесті.

Айта кетейік, А.Луценко осы нәтижесінің арқасында жаңарған Astana Qazaqstan Team велокомандасының халықаралық жарыс­тардағы алғашқы жеңісін тіркеді.