Басылымның мәліметі бойынша, отандасымыз 20 боксшының ішінде 16-сатыға жайғасқан. Рейтингтің алғашқы үштігіне ең жеңіл салмақтағы жапониялық Гиндзиро Шигеока (6-0, 5 КО), пуэрториколық Оскар Колласо (4-0, 3 КО) және өзбекстандық Хасанбой Дусматов (4-0, 4 КО) енген.
Сондай-ақ үміткерлер қатарында Майкл Конлан (16-0, 8 КО, Ұлыбритания), Вёрджил Ортис (18-0, 18 КО, АҚШ), Тим Цзю (20-0, 15 КО, Аустралия), Исраил Мадраимов
(8-0, 6 КО, Өзбекстан), кіші Крис Юбэнк (32-2, 23 КО, Ұлыбритания), Евгений Тищенко (9-1, 6 КО, Ресей), Шавкатжон Рахимов (16-0-1, 13 КО, Тәжікстан) және тағы басқа боксшылар бар.