26 Наурыз, 2014

8 бесікті қатар тербеткен ана

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кентау қаласының тұрғыны Гүлжаһан Керімбайқызы тастанды сәбилерді тәрбиелеп өсір­ген ардақты ана. Ел тәуелсіздігін алған ал­ғаш­қы жылдары отағасы Ысқақ Тұрғанбайұлы «АрНұр» атты отбасылық  балалар үйін аш­қан. Ақсақалдың қолға алған игілікті ісін за­йы­­­бы Гүлжаһан да қолдап, қуаттаған. Сол кез­­­де отбасылық үлгідегі балалар үйі 13 тас­та­н­­ды сә­биді қабылдапты. Олардың 8-і бесік­тегі құн­дақтаулы бүлдіршіндер болса, қалған­да­ры­­ның жасы әлі бірге толмаған періштелер екен. Кейіннен 2 бала туған аналарымен қайта қауы­­шады. Ал 7 сәбиді бала иісін аңсаған өз­ге от­­басылар бауырына басқан. Қалған 4-уі қа­зір­­гі кезде Жұмашевтар әулетінің мүшелері. Қыз­­дар­дың алды жоғары оқу орындарының студенттері. Ысқақ Жұмашев көп жылдар бойы денсаулық сақтау саласында еңбек еткен. Шаңырақтың шамын жаққан Гүлжаһан Керімбайқызы да ақ халатты абзал жан. Жайдары жұп дүниеге әкелген 3 ұл, 2 қызды адамгершілігі мол, иманжүзді жандар етіп тәрбиеледі. Бүгінгі күні әрқайсысы еліне адал қызмет етуде. Қазіргі кезде қос қария 22 немеренің маңдайын иіскеп, қызығына тоймауда. Өмірдің ыстық-суығына бірге төзген Ысқақ ата Кентау қаласының құрметті азаматы болса, Гүлжаһан апа «Күміс алқаның» иегері. Әрине, дүниеге келгеніне әлі күн де толмаған тастандыларды жетілдіріп, отбасының мүшесі етіп қабылдау кез келген адамның қолынан келе бермейді. Осыны ескерсек, Ысқақ ата мен Гүлжаһан апаның және олардың ұл-қыздарының бұл жолда көрсеткен істері үлкен ерлікпен пара-пар екендігі анық. Қайрат ЗАЙНИШЕВ. КЕНТАУ.