Бокс • 16 Ақпан, 2022

Қанат Ислам кезекті жекпе-жегін 25 ақпанда өткізеді

1132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық орта салмақтағы боксшы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) кезекті жекпе-жегін 25 ақпанда өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қанат Ислам кезекті жекпе-жегін 25 ақпанда өткізеді

Жекпе-жек кеші Плант-Ситиде (Флорида штаты, АҚШ) өтеді. Оның қарсыласы әлем чемпионы белбеуіне үміткер Ұлыбритания елінің өкілі Джимми Келли (25-2, 10 КО) болмақ. ProBox Promotions промоутерлік компаниясы бұл айқаста орта салмақта WBO Global белбеуі сарапқа салынатыны туралы ақпарат таратты.

Естеріңізге сала кетейік, Қанат Ислам алғашқы жоспар бойынша 2022 жылдың 21 қаңтарында жұдырықтасуы керек болатын. Алайда, коронавирустық шектеулерге байланысты жарыс кейінге шегерілді.

Джимми Келли соңғы кездесуін өткен жылдың 12 желтоқсанында өзінің отандасы Гарри Мэттьюспен (16-50-3, 2 КО) жұдырықтасып, қарсыласын нокаутқа жіберген.

Ал Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін өткен жылы 20 ақпан күні Майамиде өткізген. Эквадорлық боксшы Джейсон Миндумен (14-5-1, 8 КО) болған жекпе-жектің жетінші раундында қарсыласын техникалық нокаутпен жеңген.