Өмір қиындықсыз болмайтындығы белгілі. Бірақ кейде біраз қиыншылықтарды өзіміз жасап, өзіміз зардабына ұшырайтын жайлар да аз емес. Мұны жеке басым тағдыры куә екендіктен айтып отырмын. Атом бомбаларын сынау, ядролық қару үстемдігіне жанталасты ұмтылыс кезінде адамзат зәресін ұшырған Семей полигоны түбінде дүниеге келген мен сияқты бұл киелі топырақты мекендеуші мыңдаған ауылдастарым осылайша қолдан ұйымдастырылған кесапатты көзбен көріп, бастан кешті. Бүгінде, 45 жастан асқан шағымда да, яғни сол бір ел ішін күңіреткен күндіз-түнгі алапат жарылыстарды осынша жыл өткенмен ұмыта алар емеспін. Соны бірге көрген егіндібұлақтық жерлестерімнің қайғы жарасы әлі де жазыла қойған жоқ. Ұрпақтан-ұрпаққа жетер қасірет пе деп ойлаймын.
Көрген жан шошырлық мүгедек болып тусам да, әйтеуір ақыл-есім түзу болғандықтан, әке-шешемнің, туған-туысқандарымның күн сайын алдымен Дегелең мен Едірей таулары жағына үрейлене қарайлап күрсінулері естен кетпейді. Күні бүгінге дейін аспанға шаншылған қып-қызыл от түсіме кіріп, шошып оянамын.
Шындығын айтқанда, егер тажал қарумен әлемді сескендірген кеңестік жүйе әлсіреп, тәуелсіздік туын тігуге ұмтылған еліміз ең бірінші кезекте ядролық қатерге қарсы күресті бастамағанда, қаупі қашанға дейін сейілмеуін кім білсін. Осы мақсатта құрылған «Невада-Семей» қозғалысының күресі, республикамыз басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тозақ ошағын жабуға шешім қабылдауы халқымыз арасында қолдау мен ризалық тудырып, жаңа тарихымыз бетіндегі зор оқиға болып қалуын мақтан ете аламыз.
Алайда, барша адамзатты алаңдатқан қатер беті толық қайта қоймағандығы, атом бомбасын күш пен қуаттың сойылы санайтын, соны айбат тұтуға тырысушылар айылы жиылмаса болжап болмас жағдайларға әкеліп соқтыру мүмкіндігі шындық. Сондықтан Қазақстанның ядролық қарсы күресте ұстанымы беріктігі, Елбасының оны таратпау бойынша белсенді саясаты бәріміздің ой-мақсатымызды білдіретін күрес деп санаймыз.
Мен осынау кесапат куәгері ретінде шетелдерде жиі болып тұрамын. Басыма түскен тағдырымды айтамын. Оның қиындығына қарамастан, өз әлімше ортақ күреске үлес қосуға деген ұмтылысымды ортаға саламын, әркімнің де сол ортадан табылуына шақырамын. Қолдарым қозғауға келмейтіндіктен, аяқтарымның башайларына қарындаш қыстырып сурет салуды үйренген едім. Соның арқасында өнерімді таныта алып жүрмін, Норвегияның астанасы Ослода өткен «Менің сіздерді құшақтайтын жүрегім ғана бар» атты сурет көрмемді тамашалаушылар адамның қандай жағдайда да мүмкіндігі шектеулі еместігіне сүйсініс білдірді. Жапонияда да өзім куә жайлар туралы шығармаларым жылы қабылданды.
«Көп біріксе – үлкен күш» деген емес пе. Елбасымыздың қатысуымен Гаагада өтіп жатқан ядролық қаруға қарсы халықаралық жиынның баршамызды толғандырған мәселеге тағы бір ықпалын тигізуін тілейміз.
Кәріпбек КҮЙІКОВ,
«Атом» халықаралық қозғалысының
құрметті елшісі.
ҚАРАҒАНДЫ.

Павлодарда фитнес-клубта қуаттағыш құрылғы жарылып, блогер ауыр жарақат алды
Оқиға • Бүгін, 16:14
«Қазақстан темір жолы» акциялары IPO-ға шығарылады
Қаржы • Бүгін, 15:57
Алматыда дәрігерлер 9-қабаттан құлаған қызды аман алып қалды
Оқиға • Бүгін, 15:45
Үкімет пойыз арқылы азық-түлік тасымалдағандарға 70 пайыз жеңілдік береді
Инфрақұрылым • Бүгін, 15:40
«Ордабасы» футбол клубы 156,9 млн теңгеге сатылды
Футбол • Бүгін, 15:33
«Қазақмыс» Ұлытау облысындағы геологиялық барлау жұмыстарын күшейтті
Қоғам • Бүгін, 15:24
Алматы облысында ағаштарды кесу кезінде екі жұмысшы жарақат алды
Оқиға • Бүгін, 15:20
Халықаралық валюта қоры: Биыл инфляция шамамен 10 пайыз деңгейінде сақталады
Экономика • Бүгін, 15:18
Белгілі айтыскер ақын Салтанат Өтелбаева мен жолдасы жол апатынан қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 14:51
Атыраудағы қылмыс: Сәрсемәлиев неге Индонезияға қашқанын айтты
Заң • Бүгін, 14:50
«Құдайдан кешірім сұрағым келді»: Сәрсемәлиев сотта күтпеген мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 14:40
Ұшақ пен пойыз билеттерінің бағасы неге бірдей? ҚТЖ өкілі жауап берді
Қоғам • Бүгін, 14:33
Жаздың соңына дейін ҚТЖ пойыздарында интернет пайда болады
Қоғам • Бүгін, 14:18
Министрлік АҚШ-та жоғалған Қазақстан азаматының қаза тапқанын растады
Оқиға • Бүгін, 13:44
Астаналық тұрғын Қорғаныс министрлігіне қарсы сотта жеңіп шықты
Қоғам • Бүгін, 13:32