Қазақстан • 16 Ақпан, 2022

Жаппай тәртіпсіздікке қатысқандардың портреті жасалды

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас прокуратураның бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов ОКҚ брифингінде жаппай тәртіпсіздікке қатысушылардың портретін ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаппай тәртіпсіздікке қатысқандардың портреті жасалды

16 ақпандағы жағдай бойынша Бас прокуратура, ІІМ, ҰҚК және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеген барлық қылмыстық істер бойынша соттың санкциясымен 741 күдікті қамауға алынды. Олардың ішінде бұрын сотталған 113 адам, тыйым салынған экстремистік қозғалыстардың 42 қатысушысы мен ұйымдасқан қылмыстық топтардың 35 мүшесі бар.

«Біз жеке тұлғаларды зерттедік және Алматыда тұтқындалған барлық адамдардың портретін жасадық. Негізгі көпшілік - 30 жасқа дейінгі, жоғары білімі және тұрақты жұмыс орны жоқ жастар», деді Елдос Қилымжанов.

Ол, сондай-ақ ұсталғандар арасында жүргізілген анонимді сауалнаманың нәтижелерін де жария етті.

«Әрбір үшінші бүлікші жағдайды пайдаланып, біреудің мүлкін ұрлау арқылы пайда тапқысы келгенін мойындады», деп қосты Елдос Қилымжанов.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35