Естеріңізде ме, жаңажылдық «Әзіл әлемінде» шоумен Тұрсынбек Қабатов Канн фестивалінің жеңімпазы Самал Еслямованың қарапайымдылығын қалжыңмен қағытып өтемін деп көптің сынына қалды емес пе? Актрисаның сыртқы түр-келбеті мен киімін «Бауырсақ пісіріп тұрып келе салған сияқтысыз» деген қарадүрсін сөздермен қағытып өткен Қабатовтың қалжыңы көрерменнің көңіліне қаяу түсірген еді.
Күлдіремін деп бүлдіріп алған әзілкештің бұл сөзін біреулер «көргенсіздік» деп сөксе, біраз жұрт күллі Еуропаны аузына қаратқан әйгілі «Айка» актрисасының қарапайымдылығын қазақ әйеліне тән болмыспен жеткізген қалжыңнан еш әбестік байқамаған. Жақында қазақтың атын әлемге танытқан актрисамен бір дастарқан басында кездесіп қалдық. Расымен де, Самалдың кішіпейілділігі мен табиғатына тән биязылығы таң қалдырды. Сөз арасында осы ойымызды өзгелер секілді біз де бүкпесіз айттық. Алғашында өзіне қарата айтылған жылы сөздерге сәл жымиып қана басын изеп, алғысын білдіріп отырды. Сәлден соң Самал: «Канн жүлдесін алғалы бері «Қандай қарапайымсыз?! Сізді басқаша деп ойлап едік. Тым қарапайым екенсіз!» деген сөздерді өте жиі естимін. Сонда мен қандай болуым керек? «Мен танымалмын! Ел білетін актрисамын!» деп қасы-көзімді керіп, боянып-сыланып, бар жылтырақты жабыстырып алып, осындай отырыстарда жан-жағыма биіктен қарап, тәкаппарланып, паңданып отыруым керек пе? Менің бар болмысым осындай. Жасанды бола алмаймын», деді. Бір сәт дастарқан басында үнсіздік орнады. Бағанадан бері жан-жақтан жаудырған мақтау-мадақтауымызды актриса осы жалғыз сұрағымен-ақ тойтарып тастады. «Сонда мен қандай болуым керек?» деген риясыз сұрағынан кейін Самалдың сыпайылығы мен ибалылығына еріксіз риза болдым.
Расымен де танымал адам қандай болуы керек? Тарихтан талантының түбіне мақтау мен мадақтау жеткен талай тағдыр иесін білеміз. Дарынын даңғазалық пен даңғойлық өшіріп тынған танымалдардың өмірі біреуге сабақ болса, өзгелер мұны ерен де санамайды. Халқымызда «Ұлық болсаң, кішік бол» деген жақсы сөз бар. Алайда біздегі «ұлылардың» барлығы сана-сезімі, талғамы мен таланты, таным-түйсігі тұрғысынан биік пе?
Бағзы кезеңдегі өзін емес, шапанына қарап төрге шығарған Қожанасырдың «Же, шапаным, же!» дейтін ғадет әлі күнге дейін жалғасып келеді. Қожанасыр заманынан бері қанша ғасыр өткенін кім білсін, қоғамда кісіні емес, киімді сыйлайтындар әлі де кездеседі. Шыны керек, «жұлдыздар» биіктен ғана жарқырауы керек», «танымалдыларға тәкаппарлық жарасады», «таланттарға тек төрден орын беру керек» деген ұғымға бағынышты болып, құлдық ұрып жүрген өзімізден де бар. Шын дарын ба? Құрметте, сыйла, лайықты бағасын бер. Бірақ талантты тым төбеге көтеріп, мақтауын асырудың қажеті жоқ. Өйткені дәрумендерді шамадан тыс қолдану да ауру тудыратыны секілді артық мақтау мен мадақтау да талантты орға жығады.
Қазақ елін әлемге танытып жүрсе де қарапайымдылығынан танбаған Самал сияқты дарындар осы қасиетімен-ақ асқақ, биік. Түптеп келгенде қоғамды рухани жаңғыртатын да осындай табиғи тазалық пен рух қана. Тек жылтыраған сырт киім мен жасанды келбет емес, адам баласының ішкі жан болмысы, тазалығы мен тума таланты ең маңыздысы екенін түсінетіндер көп болса ғой.
Осындайда Ахмет Байтұрсынұлының «Егіннің бастары» мысалы еріксіз ойға оралады. Пісіп тұрған егінді қарап келе жатқан әке мен баланың әңгімесі естеріңізде ме? Бастары дәнге толған бидайлардың бейне бір тағзым етіп тұрғандай иіліп, ал көптің ішінде жалғыз бір бидайдың шекірейіп көкке қарап тұрғанын көрген баласы «Мұның мәні неде? Әлде, өзгелерді теңгермейтіндей бұл бидайдың дәні көп пе?» деп сұраушы еді ғой. Сонда әкесі ұлына «түріне қарап таңданба, өзгесі төмен қарап бүгілгенге басқаларынан кем екен деп ойлама» дей келіп:
«Елде көп бұл бидайдай адам, – дейді,
Тәкаппар, оны халық, жаман, – дейді.
Қалпы емес тәкаппарлық данышпанның,
Тұтынба бұл мінезді, балам», – дейді.
«Ұлылық – қарапайымдылық, бірақ қарапайымдылықтың бәрі ұлылық емес». Ал «Айканың» қарапайымдылығы ұлықтығы екені анық.
Қарымта кездесуде қауқар көрсете алар ма екен?
Спорт • Кеше
Жұрт көңілін аулаған мектеп жәрмеңкесі
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Электронды шылымға шырмалғандар
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Түркия-Ресей: Газ мәселесінде келісімге келді
Әлем • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Спорт • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Астана Опера»: Таңғалдыратын дүкендер ашады
Елорда • Кеше
Таным • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Өскемен тұрғынынан есірткі тәркіленді
Оқиға • Кеше
Рината Сұлтанова Түркияда тағы бір алтын иеленді
Спорт • Кеше
Израиль армиясы Газаны атқылап жатыр
Әлем • Кеше
Ақтаулық бала жағалаудағы шұңқырға құлап кетті
Оқиға • Кеше
Қазақстандық кәсіпқой боксшылардың рейтингісі жаңарды
Кәсіпқой бокс • Кеше
Жалған құжатпен қоғамдық көлікті басқарған жүргізуші ұсталды
Аймақтар • Кеше
Шымкентте 9 жастағы бала тоққа түсіп қалды
Оқиға • Кеше
Кубаның мұнай сақтау қоймасында жойқын жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Елордада бес автобустың бағыты өзгерді
Елорда • Кеше
Ыстықкөлде жоғалып кеткен спортшы табылды
Оқиға • Кеше
7 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
2652 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Медицина • Кеше
Коронавирус жұқтырған 9 пациенттің жағдайы нашар
Коронавирус • Кеше
Павлодарда самокат тепкен баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Кеше
Оралда стадионнан адамның денесі табылды
Оқиға • Кеше
Ұқсас жаңалықтар