Теннис • 17 Ақпан, 2022

Халықаралық турнир өтеді

425 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордадағы Ұлттық теннис орта­лығында ақпанның 21-27-cі аралы­ғында ITF World Tennis Tour Forte 60 Women’s халықаралық турнирі ұйымдастырылады.

Халықаралық турнир өтеді

Оған әлемдік рейтингтің 100 және 200 орын аралығында тұрған теннисшілері қатысады. Атап айтқанда, олардың ішінде бельгиялық Грет Миннен (96 WTA), «Үлкен дулыға» санатындағы жұптық бәсекедегі төрт турнирдің жүлдегері мажарстандық Тимей Бабош (202 WTA), британиялық Харриет Дарт (132 WTA), жапониялық Мия Хонтама (138 WTA), украиналық Дария Снигур (141 WTA), испаниялық Алена Большова (151 WTA), грузиялық Мариам Болквадзе (177 WTA) және тағы басқа бірнеше теннисші бар.

Бұл сында ел намысын Жібек Құламбаева, Гозаль Айнитдинова, Аружан Сағындықова, Дана Байдәулет, Екатерина Дмитириченко және өзге де спортшыларымыз қорғайды. ITF World Tennis Tour әйелдер турниріне бес санаттағы жарыстар кіреді. Турнирлердің жалпы жүлде қоры – 15 000, 25 000, 60 000, 80 000 және 100 000 АҚШ долларын құрайды. Нұр-Сұлтандағы турнир үшінші санатта өтеді. Былтыр жазда астанада өткен осындай деңгейдегі турнирде Грузия өкілі Мариам Болквадзе жеңіске жеткен еді.