– Гаага қаласындағы бүкіләлемдік ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит барысын теледидар арқылы тамашаладым. Шынын айтқанда, бұл күнді көргеніме өте қуаныштымын. Гаага саммитінен байқағанымыздай, қазіргі кезде ядролық қарусызданудың қазақстандық жолымен күллі әлем мемлекеттері жете танысу үстінде. Бүгінде жер-жаһан жұрты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан халқын ядролық қарусызданудың көшбасшысы ретінде төбелеріне көтеріп, құрмет тұтатынын сезу әсте қиын емес.
Біздің еліміз АҚШ, Қытай, Ресей, Ұлыбритания және Франция сынды әлемнің ядролық державалары атқара алмаған жұмысты атқарды. Жойқын қарусыз да өмір сүруге болатынын көрсетті. Адамзаттың дамуына үлкен зауал келтіруі мүмкін үшінші дүниежүзілік соғыс қаупінің алдын алды. Және әлем халқына мұндай соғыстың ешқашан жеңімпазы болмайтынын түсіндірді.
Мен 1991 жылдан бастап мемлекет басшыларының, ірі қоғам қайраткерлерінің қатысуымен өткен түрлі антиядролық форумдарға қатысуға мүмкіндік алдым. Осы арқылы КСРО-ның тұңғыш президенті Михаил Горбачевпен, Түркияның президенті Сүлеймен Демирелмен, Германияның вице-канцлері Ганс-Дитрих Геншермен және тағы басқа көптеген көрнекті мемлекет қайраткерлерімен пікірлестім. Әңгімелесу барысында барлығы да өзге мемлекеттер атқара алмаған істі тәуелсіз Қазақ елінің қолға алғанына ризашылық пейіл білдірген-ді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 1993 жылы 30 тамызда өткен антиядролық форумда атом сынағына мораторий жарияланды. Одан кейін Президенттің тікелей ұйытқы болуымен Орталық Азияны ядродан азат аймақ деп жариялау туралы мәселе көтерілді. 1996 жылы қыркүйек айында бұл келісімге Семей қаласында қол қойылды. 2009 жылы маусымда Семейде мыңдаған адамның қатысуымен өткен митингте Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік қоғамдастыққа атом сынағы тоқтатылған 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні ретінде жариялау туралы жаңа идея ұсынды. Бұл идея халықаралық деңгейде қолдау тауып, 2009 жылы 2 желтоқсанда өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында бекітілді. 29 тамыз қазіргі кезде әлем халқы ерекше атап өтетін бейбітшілік күніне айналды.
2012 жылы 29 тамызда Астанада халықаралық антиядролық конференция өтті. Президентіміз аталған форумда «ATOM» жобасын ұсынған болатын. Бұл жоба «Сынақты тоқтату – біздің мақсатымыз» дегенді білдіреді. Яғни, бейбітшілік пен ядролық қарусыздану жолындағы күресті аға буынның жас ұрпаққа лайықты аманаттауын көздейді. Бүгінде бұл бағдарламамен бүкіл әлем жұртшылығы танысуда. Дүниежүзінің жастары ғаламтор арқылы осы бағдарламаға ерекше қолдау көрсетті. Елбасының саясатын қолдау бағытында Қазақстанның 500 мыңнан астам жастары осы бағдарламаға үн қосып, қол қойды. Жиналған дауыс ядролық жойқын қаруы бар жетекші елдердің көшбасшыларына жіберіледі.
Гаагадағы антиядролық саммитте ғаламдық ядролық қарусыздану бағытындағы «қазақстандық жол» мен «АТОМ» бағдарламасының қызу талқыланғанына қуаныштымын. ХХІ ғасыр – ядролық қарусыздану ғасыры болады деп үміттенеміз.
«Невада-Семей» қозғалысының мүшелері Елбасының антиядролық қауіпсіздік жөніндегі ұстанған саясатына әрдайым қолдау білдіріп келеді. Қозғалыс мүшелері жаһандық қарусыздану және қауіпсіздік туралы президенттік бастамаларды қолдауды алдағы уақытта да жалғастырады. Гаага саммиті – ядролық қарусыз ғаламға бастаған тағы бір кезекті қадам.
Сұлтан КАРТОЕВ,
«Невада-Семей» халықаралық
қозғалысының вице-президенті.

Ұландықтар баланы ажалдан аман алып қалды
Қоғам • Бүгін, 21:46
Бекзат Алмаханның UFC-дегі қарсыласы анықталды
Спорт • Бүгін, 21:12
«Әділет» партиясын құруға ресми қадам жасалды
Саясат • Бүгін, 20:51
Президент «Ялла» ансамблінің көркемдік жетекшісі Фаррух Закировке құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 20:28
Бибісара Асаубаева көш басына шықты
Шахмат • Бүгін, 19:58
Ерлан Қошанов 155 елден келген әріптестеріне жаңа Конституция туралы айтып берді
Парламент • Бүгін, 19:36
45 қалада кәріз жүйесін салу және жаңарту жұмыстары жүргізіледі
Аймақтар • Бүгін, 19:10
Балуандарымыз Бішкектегі Азия чемпионатында жеті жүлде алды
Күрес • Бүгін, 18:58
Алаяқтықтың алдын алу: Ұстаздар арасында арнайы акция ұйымдастырылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:42
Түйткілі көп газ мәселесі: Нысандарда қауіпсіздік ережелері неге сақталмайды?
Қоғам • Бүгін, 18:08
Цирфлық сервис: Депутат «тәуелсіз қызметкер» мәртебесін бекітуді ұсынды
Парламент • Бүгін, 18:02
Мемлекет басшысы Түркияға жұмыс сапарымен барады
Президент • Бүгін, 17:30
Еліміздің энергетикалық нысандарында ауқымды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр
Энергетика • Бүгін, 17:22
Сақ болыңыз: Алаяқтар медицина қызметкері ретінде хабарласа бастады
Қылмыс • Бүгін, 17:07