Спорт • 17 Ақпан, 2022

Түркияда топ жарды

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның Анталия қаласында таэк­вондодан G2 санатындағы халық­аралық турнир өз мәресіне жетті. Әлем­нің үздік спортшыларымен сынға түскен жерлестеріміз жүлделі орындардан көрінді.

Түркияда топ жарды

Мәселен, жасөспірімдер арасындағы бәсекелерде жарыс жолына шыққан Қа­зақстан құрамасының өкілдері Акрамат Долгиев (48 кг), Жарас Әлімжанов (59 кг) және Назым Махмұтова (63 кг) барлық қарсыласын қапы қалдырып, Түркия төрінде Әнұранымызды шырқатса, 59 килодағы отандасымыз Аяжан Сапархан қола жүлде жеңіп алды.

Ал осы турнирдің ересектер арасындағы бәсекеде сынға түскен Олимпия ойын­дары­ның қатысушысы, Азия және Универ­сиада ойындарының күміс жүлдегері Жан­сель Дениз (73 кг) Түркияда да күмістен алқа тақты.