«ТЖМ мен орталық атқарушы органдар көктемгі су тасқыны кезінде төтенше жағдайдың алдын алу шараларын жүзеге асырып жатыр. «Қазгидромет» МКК ақпандағы алдын ала мәліметі бойынша ел бойынша су қоры өткен жылдармен салыстырғанда орташа деңгейден жоғары екенін айтты. Ақмола облысындағы Сілеті өзенінің бассейні, Қостанай облысының Торғай, Қараторғай өзені, БҚО-ның өзені, ШҚО-ның Шүлбі мен Бұқтырма бассейндері кіріп отыр», деді Рустамбек Амрин.
Рустамбек Амрин су тасқынына қардың жиналуынан бөлек жауын-шашынның жоғары мөлшері де әсер ететінін айтты.
«Өзендердің қатуы да өткен жылғыдан жұқа болып отыр. Бұл мұздың ерте еруіне алып келуі мүмкін. Температураның жылуы мен ақпан-наурызда жауын-шашын мөлшері су тасқынының болуы қаупін арттырады. Су тасқыны қаупі бар өңірлерге Ақмола, Қарағанды, Қостанай, СҚО облыстары жатады. Орташа қаупі бар облыстарға Түркістан, Жамбыл, Павлодар, БҚО облыстары жатады», деді ол.