Кәсіпқой бокс • 17 Ақпан, 2022

Чарлоның шайқасы кейінге қалдырылды

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірінші орта салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген АҚШ боксшысы Джермелл Чарло мен аргентиналық Брайан Кастаньо арасындағы жекпе-жек уақыты кейінге шегерілді, деп хабарлайды Egemen.kz Vringe.com-ға сілтеме жасап.

Чарлоның шайқасы кейінге қалдырылды

Боксшылар бірінші жекпе-жекте әлемнің абсолютті чемпионын анықтай алмай тең түскен болатын. Олар екінші кездесуді 19 наурызда өткізуге бел буған еді. Алайда Кастаньоның жарақат алуына байланысты кездесу уақыты 3-4 аптаға кейін шегерілді. Соған қарағанда әлемнің абсолютті чемпионы сәуір айының аяғына қарай анықталатын секілді.