Кәсіпқой бокс • 17 Ақпан, 2022

«Канелоның» салмағындағы екі қазақ үздік бестікке енді

511 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық бокс федерациясы жаңартылған рейтингті жанкүйерлердің назарына ұсынды. Рейтингте бірнеше қазақ боксшыларының жоғары көтерілгені байқалады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Канелоның» салмағындағы екі қазақ үздік бестікке енді

Екінші орта салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген Айдос Ербосынұлы бұрынғыдай төртінші орынға орнықса, тағы бір қазақстандық боксшы Әли Ахмедов үздік бестіктің қатарына қосылғаны қуантты. Екінші орта салмақтағы алғашқы екі орын әзірге бос тұрса, ресейлік Евгений Шведенко үшінші орынға орналасқан.