Оқиға • 17 Ақпан, 2022

Атырау мұнай өңдеу зауытының экс-директоры ұсталды

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры Шухрат Данбайды ұстады. Бұл туралы «Ақ Жайық» басылымы мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау мұнай өңдеу зауытының экс-директоры ұсталды

Басылым мәліметінше, ол аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікке ілінген. Тергеуді Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жүргізіп жатыр. Ведомство өкілдері журналистерге «әзірше ештеңе айта алмаймыз» деп жауап берген.

Шухрат Данбай 2019 жылдың ақпанынан 2021 жылдың шілдесіне дейін Атырау мұнай өңдеу зауытын басқарған.

Қазір ол Атыраудағы уақытша ұстау изоляторына орналастыру үшін сараптамадан өтіп жатыр.