Өнер • 17 Ақпан, 2022

Ақан Сатаев «Қазақфильмнің» жағдайы мәз емес екендігін айтты

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізге танымал кинорежисер, «Қазақфильм» АҚ президенті Ақан Сатаев бас қалада өткен алқалы отырыста өзі басқаратын компанияның жағдайы мәз емес екендігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Ақан Сатаев «Қазақфильмнің» жағдайы мәз емес екендігін айтты

«Біз жұмыс істеп жатырмыз, барынша тырысып бағамыз. Бірақ студия тапқан барлық қаражат өкінішке қарай, қызметкерлердің жалақысы мен әкімшілік-шаруашылық қажеттіліктерге жұмсалады. Шындығын айтқанда, өз фильмдерімізді шығаруға да қаражат жеткіліксіз. Сондықтан, бізге өз фильмдерімізді шығару үшін әлі де қолдау қажет», деді Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті Ақан Сатаев.

Бас қалада өткен жиналыста мәдениет саласындағы құлдырап тұрған мәселелер қозғалды. Мәселен, кітап баспасы, мұрағатшылардың жалақысы, мәдени нысандарды қайта жөндеуден өткізу жайында әңгіме қозғалды. Жауапты министрліктің хабарлауынша, ел ішінде 7 мыңнан астам мәдени орталық бар. Алайда оның көбі ескі нысандар. Кітапханалар мен архив ісі де қолдауға зәру. Сала мамандары да бірқатар кемшіліктерді айтты. Олар ауылдағы кадр тапшылығы, қазақ тілінде жазылған кітаптарды сату мен баспа ісін дамытудың қажет екенін жеткізді.

Айтылған мәселелерді тыңдаған Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев олқылықтардың біртіндеп шешілетінін айтты.

Аяна Тоғанбек

ЕҰУ студенті



Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25