26 Наурыз, 2014

Шымкенттік әйел екі жасар қызын ұрып өлтірді

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19-12-13-janaozen-1

Шымкентте тұратын 37 жастағы әйел екі жасар қызын ұрып өлтірді. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлады. Абай аудандық полиция бөлімі тергеу бөлімшесі бастығының орынбасары Алмат Әбидиновтың айтуынша, әйел өзінің істеген ісін толық мойындаған. Оның 2010 және 2012 жылы туған қос сәбиі болған. Бұл жолы оны екі қыздың қатты жылағандары ашуландырған. Әйел сосын балаларын ұрып, жылауларын тоқтапқашы болған. Дәл сол кезде үйде болған туыстарының айтуынша, анасы балаларын қатты ұрып-соғып, тіпті «қабырғаға қарай лақтырып жіберген». Осы оқиғаның салдарынан бас сүйегіне зақым келген кіші қыз бірнеше күннен кейін қайтыс болған. Қыздардың үлкені болса, қазір ауыр халде ауруханада жатыр. Өз қызын ұрып өлтірген деген күдік таңылған әйел қазір уақытша ұстау оқшаулағышына қамалған. Оның үстінен «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құрыш Нұрымбет. Дереккөз: Otyrar.kz.