Президент • 17 Ақпан, 2022

Президент саяси реформаларын наурыз айында ұсынады

606 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Qazaqstan» ұлттық арнасына сұхбат берген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде бірқатар саяси реформалар жүргізіліп, нәтижесінде біраз өзгеріс болатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.

Президент саяси реформаларын наурыз айында ұсынады

Президент ұсынатын жаңа реформаларын күзді күтіп отырмай-ақ Наурыз айының ортасына жоспарланған халыққа Жолдауында айтатынын жеткізді.

«Мен бастапқыда жаңа саяси реформаларды күзде жариялаймын деп ойлағам, бірақ саяси реформаларды наурыздың ортасында халыққа Жолдауымда ұсынатын болдым. Қазіргі таңда жұрт реформаларды зор үмітпен күтіп отырғанын білемін. Сондықтан, «Жаңа Қазақстанды бірге құрайық» деп үндеу жолдадым. Онда айтылған мәселелерді көпшілік қолдап отыр», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы кез келген қиындықтың артында үлкен мүмкіндіктер тұрғанын айтып, қазақстандықтарды Отанымызды өркендетуге шақырды.

Қытай тіліндегі «дағдарыс» деген сөздің «жаңа мүмкіндіктер» деген мағынасы бар. Осы ретте біз де күш-қуатымызды Отанымызды өркендетуге жұмсайық.        

«Әрине, азаматтық қоғаммен, дербес сарапшылармен ауқымды диалог жүргізу керек. Өйткені, халықтың пікірі өте маңызды. Мен «Адамдар мемлекет үшін емес, мемлекет адамдар үшін» деген ұстанымды жарияладым. Осыған байланысты Үкіметке тиісті ұсыныстар дайындауды тапсырдым», деді ол.