Футбол • 17 Ақпан, 2022

Шалет Кордич «Ақжайықтың» жейдесін киді

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Черногориялық «Будучность» футбол клубының баспасөз қызметі шабуылшы Шалет Кордичтің «Ақжайық» футбол клубына ауысқаны туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шалет Кордич «Ақжайықтың» жейдесін киді

28 жасар футболшы бұған дейін сербиялық «Нови-Сад», черногориялық «Сутьеск», «Зету», «Грбаль», ресейлік «Чайка» секілді өзге де командалардың сапында ойнаған болатын. Ол «Ақжайыққа» ауысқанға дейін «Будучность» футбол клубында доп теуіп, 15 кездесуде 4 гол соқты.