Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесті. Бұл туралы Ақорда.kz хабарлады.
Алматыдағы кездесуде мемлекеттер басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық, су-энергетикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықпен қатар екіжақты қарым-қатынастарды нығайту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ бірлескен қазақ-қырғыз инвестициялық қоры жұмысының бағыттары да қаралды.
Бұған қоса, Нұрсұлтан Назарбаев пен Алмазбек Атамбаев Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық бірлестіктер аясындағы өзара ықпалдастықтың негізгі жолдарын талқылады.
Қазақстан Президенті мұндай келіссөздердің алдағы уақытта екі елдің экономикалық дамуына ықпал ететін маңыздылығын атап өтті.
– Екіжақты тауар айналымы 2011 жылмен салыстырғанда 41%-ға өсіп, 1 миллиард доллардан асты. Қазақстан тәуелсіздік жылдары Қырғыз экономикасына 1 миллиард доллардан астам инвестиция салды. Алда әлі де көп жұмыс бар. Біз мемлекетаралық комиссияны және Қазақстан мен Қырғызстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің отырысын өткізуіміз керек. Осыған байланысты ынтымақтастығымыздың барлық бағытын талқылауға дайынбыз, – деді Мемлекет басшысы.
Қырғыз Республикасының Президенті кездесу үшін алғысын білдіре келе, Қазақстанның бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету ісінде де, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер тұрғысынан да Орталық Азиядағы жетекші ел екенін атап көрсетті.
– Кездесулеріміз кезінде мен әрдайым өзім үшін пайдалыны ойға түйемін және Сізден әрқашан көп нәрсені үйренуге болатынын айтқым келеді, – деді А.Атамбаев.
Тараптар өңірдегі қауіпсіздіктің жай-күйі мен халықаралық күн тәртібінің өзекті жайттары жөнінде де пікір алмасты.
Дереккөз: Ақорда. kz.
Фото: Ақорда. kz.
• 26 Наурыз, 2014
Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының Президентімен кездесті

Арам ақшаға құныққан алаяқ алты жылға сотталды
Қоғам • Бүгін, 22:48
Еліміздің үш өңірінде ауа райына байланысты жолдар жабылды
Ауа райы • Бүгін, 22:23
Жаңа Конституция және ұлт саулығы: сарапшы көзқарасы
Ата заң • Бүгін, 21:53
Білім сапасын арттырудың жаңа мүмкіндігі
Білім • Бүгін, 21:21
Ертең Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды
Ауа райы • Бүгін, 21:17
Жалпыұлттық коалиция белсенділері ақпараттық науқанды аудандарда жалғастырып жатыр
Ата заң • Бүгін, 21:00
Рамазан айы азаматтардың тұтыну шығындарына қандай өзгеріс әкеледі?
Қоғам • Бүгін, 20:40
Айзат Жұманованың ісі: Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды
Қоғам • Бүгін, 20:03
Петропавл электротехникалық зауытының ұжымы конституциялық реформаны қолдады
Ата заң • Бүгін, 19:38
«Зеленый Север» ұжымымен кездесуде Конституция жобасының негізгі ережелері талқыланды
Ата заң • Бүгін, 19:30
Сарапшылар конституцияның жаңа жобасына бірауыздан қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 19:18
Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Бүгін, 18:45
Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді
Ауа райы • Бүгін, 18:33
«Boran–Буран»: жады мен кеңістікті тоғыстырған көрме
Қоғам • Бүгін, 18:18
Жылдық инфляцияның баяулауы баға төмендеуіне әсерін тигізе алды ма?
Қаржы • Бүгін, 18:03