Кино • 18 Ақпан, 2022

Берлинді бағындырған фильм

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Режиссер Фархат Шәріповтің «Схема» атты фильмі 72-ші Бер­­­лин халықаралық кино­фес­­­тивалінде Гран-приді ұтып алды.

Берлинді бағындырған фильм

Қазақстандық фильм бұл бай­қауға Generation (балалар және жасөспірімдер туралы фильмдер) бағдарламасы бойынша қатысты. Жүлде фильм режиссеріне тапсырылды. «Түсірілім тобына маған деген сенімі мен еңбегі үшін алғыс айтамын. Одан бөлек фильмге түскен жас әртістерге ерекше ризашылығымды білдіремін. Берлиндегі командаға және бізді шақырғаны үшін рахмет. Байқауға қатысқанымызға қуа­ныш­тымын. Жасөспірімдер туралы кино жастарға арналған», дейді режиссер.

Кинотуынды кастингке келген жасөспірімдердің ашық әңгімесі негізінде түсірілген. Түсірілім жұ­мыс­тары 2020 жылдың күзінде Алма­тыда басталған. Басты рөл­дерде Виктория Романова мен Таир Свинцов ойнайды. Қоюшы опе­ратор Александр Плотников, қою­шы суретші Алексей Шиндин, ал про­дюсері Дина Жұмабек.

Айта кетейік, Фархат Шәріповтің еркін айтылмайтын тақы­рыпты қолға алуы бірінші рет емес. «Схе­ма» фильмін Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен ұлт­тық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қатысуымен Medeor кинокомпаниясы түсірген.