Бұл туралы сарапшы Майк Коппинджер ақпарат таратты. Оның сөзіне зер салсақ, енді шешуші сөзді Геннадий Головкин айтуы тиіс. Ол әзірге үнсіз.
«Геннадий Головкин келісімшартқа қол қойса, мәселе оңынан шешіледі. Алайда қалай болған күнде де қазақстандық боксшы келесі жекпе-жегінде жапониялық Риота Муратаны жеңуі тиіс. Әрі қарай бәрі жеңіл болады», дейді Майк Коппинджер.