Оқиға • 18 Ақпан, 2022

Алматы маңынан қару-жарақ қоймасы табылды

412 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қару-жарақ қоймасы Іле ауданы, Алматы - Өскемен тасжолының бойында жасырылған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы маңынан қару-жарақ қоймасы табылды

Оны жергілікті қылмыстық іздестіру бөлімінің қызметкерлері анықтады. Қоймадан «Марлин» және Tikka мылтықтары табылған.

Тексере келе, атыс қарулары Алматыдағы қару-жарақ дүкендерінің бірінен қаңтар айындағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланғаны белгілі болды. Екі карабин де баллистикалық сараптамаға жіберілді. Тергеу аяқталғаннан кейін қару заңды иесіне қайтарылады.

2022 жылдың басынан бері Алматы облысында 200-ге жуық атыс қаруы тәркіленген. 

 

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35