Кәсіпқой бокс • 18 Ақпан, 2022

Қазақстан боксшыларының қай орындарға жайғасқаны белгілі болды

465 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүкіләлемдік бокс кеңесі жаңартылған рейтингін жариялады. Рейтингте қазақстандық боксшылардың қай орындарға орналасқаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан боксшыларының қай орындарға жайғасқаны белгілі болды

Аса ауыр салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген Жан Кособуцкий бұрынғыдай 19 орынға орналасса, Қамшыбек Қоңқабаев 32 орынға, екінші орта салмақ дәрежесіндегі оғландарымыз Айдос Ербосынұлы 17, Әли Ахмедов 21 орындарға жайғасыпты. Орта салмақ дәрежесінде топқа түсіп жүрген Жәнібек Әлімханұлы төртінші орнын сақтап қалса, Мейірім Нұрсұлтанов жеті саты жоғарылап, үздік ондықты түйіндеген. Бірінші орта салмақ дәрежесіндегі Садриддин Ахмедов 20 орында тұрса, жартылай орта салмақтағы қазақ елінің үкілі үміті Данияр Елеусінов 23, Талғат Шәйкен 37 орынға табан тіреген. Бірінші жартылай орта салмақ дәрежесіндегі Батыр Жүкембаев 22 орынға орналасса, Руслан Мадиев 39 орынға жайғасқан.