Үкімет • 18 Ақпан, 2022

«Самұрық-Қазына» қорында сатып алудың жаңа тәртібі әзірленді

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов елордада өтіп жатқан «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының кезектен тыс ІХ съезінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әлеуметтік қорында сатып алудың жаңа тәртібі әзірленгенін айтты, деп жазады Egemen.kz.

«Самұрық-Қазына» қорында сатып алудың жаңа тәртібі әзірленді

Әлихан Смайылов өңірлердегі шағын және орта бизнеске басымдық беру мен мемлекеттік қолдау шараларын ұсынудың тиімділігі мен ашықтығын арттыру міндеті тұрғанын жеткізді.

«Самұрық-Қазына» қорында сатып алуды жүзеге асырудың жаңа тәртібінің жобасы әзірленді. Ол бірінші кезекте сатып алудың ашықтығын арттыруға және оңайлатуға, жергілікті өндірушілер мен жеткізушілерді қолдауға бағытталған. Бұл шаралар 10 мың шағын және орта бизнес субъектісіне көмектесуге мүмкіндік береді. Отандық тауар өндірушілерден 400 млрд теңгеге шамамен 10 мың тауар позициясы сатып алынады. Одан басқа, заң жүзінде ашықтықты арттыру және жер қойнауын пайдалану құқығын беру және келісімшарттардың талаптарын өзгерту рәсімдерін оңайлату жоспарлануда», деді Үкімет басшысы.