Кәсіпқой бокс • 18 Ақпан, 2022

Головкин секілді азамат әрі чемпион болғым келеді – Давид Бенавидес

521 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екінші орта салмақ дәрежесіндегі әлемнің бұрынғы чемпионы Давид Бенавидес IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен шаршы алаңда кездескісі келетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Fightnews.info-ға сілтеме жасап.

Головкин секілді азамат әрі чемпион болғым келеді – Давид Бенавидес

«Рас, Головкин біраз уақыт бойы жекпе-жек өткізген жоқ. Әйткенмен ол бәрібір мықты боксшы екені анық. Оның кез келген уақытта көзінде оты ойнап тұрады. Мен оны әлі де әлемнің үздік боксшыларының бірі деп білемін. Екеуара шаршы алаңда кездесеміз бе, жоқ па? Оны білмедім. Мүмкіндік болса, бірден келісемін. Өйткені онымен бір рингті бөлісу – арманым.

Мен Генаны жақсы көремін. Кәсіпқой бокс әлеміндегі ең керемет жандардың бірі. Ол достарын қатты қадірлейді. Екеуміз кездескен кездерде бәрі байқалып тұрды. Мен де Геннадий Головкин секілді мықты азамат әрі чемпион болғым келеді», дейді АҚШ боксшысы.