Футбол • 18 Ақпан, 2022

Мбаппенің анасы Мадридтен үй іздей бастады

886 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Франциялық «ПСЖ» футбол клубының шабуылшысы Килиан Мбаппенің анасы Испания астанасы Мадрид қаласынан үй іздеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz championat.com-ға сілтеме жасап.

Мбаппенің анасы Мадридтен үй іздей бастады

Портал келтірген деректерге сенсек, футболшының анасы өткен аптада мамандардан кеңес сұрауды бастаған. Нәтижесінде ол тек байлар ғана тұратын Ла Моралеха ықшам ауданындағы екі үйге айрықша назар аударған. Ал Килиан Мбаппе Мардридтің «Реал» футбол клубына ауысатыны туралы әңгіме шыққанына біраз уақыт болды.

Осы маусымның соңында Килиан Мбаппе мен «ПСЖ» футбол клубы арасындағы келісімшарт аяқталады. Ал жаз мезгілінде футболшы ресми түрде «Реалдың» жейдесін киеді. «ПСЖ» сапында соңғы маусымын өткізіп жатқан француз футболшысы чемпиондар лигасының 1/8 финалында өзінің болашақ командасының қақпасына гол  соғып үлгерді.